Белгілі әнші Ернар Айдар әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жеке өмірін жұрттан жасыратын Ернар Айдардың келіншегі босанып, өнер иесі әке атанды. Бұл жаңалықты Досымжан Таңатаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, сүйінші сұраған. Алайда, әншінің өзі қуанышымен бөліспеген.
"Кішкентайдың бауы берік болсын, інім", - деп жазды Досымжан Таңатаров.
Жазбаны көрген әнші Досымжан Таңатаровқа алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Ал желідегілер жарыса пікір жазып, әйелін жұрттан жасыратын Ернар Айдарды әке атануымен құттықтаған. Олар әншінің перзентіне бауы берік болсын айтып, ақ тілектерін жаудырды.
"Өзіңіз сияқты әдемі болып өссін", "Жарайсың, бауырым! Үлкен азамат болсын", "Балапаныңның өмір жасы ұзақ болсын", "Балаларыңыз көп болсын", "Бауы берік болсын", - десті жұрт.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ернар Айдардың келіншегі өзінің тыңдарманы болғанын жазған едік.