Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайтын банк саны қысқартылады

«Қазір бізде 38 банк бар. Екінші жиырма банк қатарына жататын банктердің меншікті капиталына қойылатын талаптарды күшейтеміз. Бұл банктік лицензия, халықтың депозиттерін қабылдау лицензиясы сынды маңызды құжаттарға әсер етпек», - деді Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов сейсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, «болашақта халықтың қаржысы акционерлері өз қаражатын банктің жарғылық капиталын арттыруға жұмсайтын банктерге ғана сеніп тапсырылмақ».

«Капиталға көп қаражат салмай, тәуекелді реттеуші органның немесе мемлекеттің мойнына іліп отырған банктерге депозит тарту жөнінде лицензия бермейміз. Немесе олар несие серіктестігіне, микрокредиттік ұйымдарға айналады. Біз қазір банк қоғамдастығымен осы бағытта пікірталас жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті Қ.Келімбетов.

Ұлттық банк басшысы отандық банктердің біріктірілетінін де жоққа шығармады. «Қазіргідей екі, мүмкін үш ірі банк болуы мүмкін. Ол жуырда HSBC сатып алған Халық банк, БТА мен Қазкоммерцбанк те бірігу туралы жоспарларын жария етті. Альянс, Темірбанк пен ForteBank те бірігуі мүмкін. Бір сөзбен айтқанда рынок шоғырланып жатыр», - деп қосты Қ.Келімбетов.


Оның айтуынша, «ипотека болсын, тұтынушы крдеиттері болсын, кепілдікті, кепілдіксіз несие саласы болсын, белгілі бір салаларда мықты позицияға ие 15-20 орташа банктер тобы» қалыптасады.