«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Ал облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с артады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с артады.