Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.