”Жел күшейіп, боран болады”: 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сенсек, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

“Кезекті солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР басым бөлігінде, 28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді, содан кейін Қазақстанның қалған аумағында қар, ылғалды қар және жаңбыр түрінде әр түрлі фазада жауын-шашын болжанады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында боранмен, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп болжануда. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді”, - делінген хабарламада.