"Жел шығарып, қақырынып отыра береді": Кореяда өмір сүретін қазақ қызы кәрістердің ұнамсыз қылықтарын айтты

Бұл ақпараттармен ол You Tube платформасындағы жеке блогында бөліскен, деп хабарлайды. Caravan.kz медиа порталы.

"Кәрістерді дорамадағыдай бәрі әдемі, керемет деп ойламаңыздар. Жеке тұлға ретінде кәрістердің маған ұнамайтын жағымсыз жақтарына тоқталғым келеді.

Ең біріншісі - кәрістер жүрген жерлерінде жел шығарып жүре береді. Жел шығарғандары былай тұрсын, дауыстап, түк білмегенсіп, ары қарай жұмыстарын істеп отыра береді. Олар үшін бұл мүлде ұят емес.

Екінші ұнамайтын нәрсе - тамақ ішіп отырып, отырған жерінде қақырып, кекіріп, сіңбіріп отыра береді. Тамақ ішіп отырған кезде тәбетінді қашырып жібереді. Бірақ, бұл үлкені үшін де, кішісі үшін де бұл қалыпты жағдай. Корея қаншалықты мәдениетті ел болғанымен бәрібір өздерінің ішкі әдет-ғұрыптары бар.

Кәрістер тамақ жеген кезде шөлпілдетіп, жауыстарын шығарып, былш-былш етіп жейді. Барлығы демеймін, бірақ көпшілігі сондай.

Тағы бір жағымсыз жақтары бар. Ол - әңгіме барысында әжетханаға қатысты әңгімілерді айту. Бұларда дәретке қатысты әңгімелер ұятқа саналмайды. Қыздары етеккірім келіп жатыр деген әңгімені ашық айтып отыра береді. Сондай кезде мыналарда ұят бар ма деп ойлап қаласың.

Кәрістердің адам түсінбейтін тағы бір қылығы - қыстың аязында қалың күртеше, бас киім киіп, аяғына шұлықсыз жаздық шлепка киіп алуы. Сонымен қатар, қыста жаурап жүріп, мұз қосылған кофе ішеді. Бұл жақтары біздің ыстық күнде ыстық шәй ішетінімізге ұқсайды.

Ал, жаздың ыстық күнінде қысқа белдемшемен етік киіп алған қыздарды жиі кездестіруге болады.

Ең соңғысы - бірінші рет көріп тұрған адамға ұялмай жеке басына қатысты сұрақтарды қоя береді. Бірінші рет көріп тұрған адамның жасын, тұратын жері, айлық табысын, отбасылық жағдайын еш ұялмай сұрады.

Мен айтып жатқан бұл дүниелер барлық кәрістер осындай деген сөз емес. Бірақ көпшілігінде осы аталған жағымсыз қылықтар кездеседі", - дейді ол.