Железин ауданындағы барлық мектептің ескі компьютерлері жаңартылатын болады

Екі жыл ішінде жиырма ауыл мектебі аудандық бюджет есебінен заманауи электронды техникамен жабдықталған. «2011 жылы басқа мектептерге де жаңа компьютерлер орнатуды көздеп отырмыз. Бүгінгі таңда 36 мектептің барлығы Ғаламтор желісіне қосылған. Келесі жылы ауданда барлық білім беру мекемелерін жаңа жиһаз және спорттық керек-жарақпен қамтамасыз етуге бағытталған үш жылдық бағдарлама қабылданатын болады», - дейді аудан әкімі Жанат Шұғаев.

Атқарушы биліктің мектеп мәселелері мен білім беру сапасына көңіл бөлуі өз жемісін беруде. Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде Железин ауданының мектептері облыс орталығының оқушыларынан ғана кейін қалып, орташа есеппен 84,7 балл жинаған.