Қазнетте қолданушылар Димаш Құдайбергеннің суретінен тылсым іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бастапқыда әншінің досы әрі PR-директоры Алпамыс Шаримов Желіге әншінің Қытайда сахнада өнер көрсетіп жатқан жерінде түсірілген суретті жариялаған. Екінші суретте Алпамыс Шаримов Орал қаласында өткен "Болашаққа бағдар: Жастардың жетістік жолы" атты кездесу кешінде сөз сөйлеп тұр.
"Бір күндегі, бір сәттегі қолымызға микрафон алған кез. Сәйкестік пе?!. Жоқ, әлде бір?!.. Кім не байқады???", - деп жазды Шаримов.
© facebook.com/asharimov
Осыдан кейін қолданушылар әншінің киген киімінің түсі мен рухани жаңғыру бағдарламасының логотипі болып бекітілген қыран құстың түстері бірдей екендігін айтып, түрлі нұсқалар айтып жатыр. "Койлек пен кыран!
Кай жакта журсендерде ДОСТЫК ОТЫ СОНБЕСИН!!!!", "Кыран кус пен кауырсын", "DIMASH - QYRAN!!!" деп пікір жазуда қолданушылар.
Айта кетейік, ҚР Ақпарат және коммункациялар министрлігінің Ақпарат комитеті биыл мамыр айында Қоғамдық сананы жаңғыртудың ресми логотипін таныстырған еді. Логотипте түрлі-түсті үлгідегі құсты көруге болады.
Айтпақшы, мұның алдында да Димаш Құдайбергеннің музыкалық жүлде алып тұрған суретінен қолданушылар тылсым белгі байқаған еді. Әншінің PR-директоры оның Top Chinese Music Awards марапаттау рәсіміндегі суретінің жасырын мағынасын айтып берген болатын. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазған.
© facebook.com/asharimov
"Кім байқады!? Әдейі емес бұл сурет - кездейсоқ түсірілген сурет! Басылымдарға да жария болған сурет!!! Осындай премиялардың жүзін көрдім, мықтылардың мықтысы саxнаға шығып қуанған сәтте ұтқан жүлдесін (статуэтка) сыйлығын биікке көтеретін еді... Біздің Димаштың оң қолындағы микрофоны одан да биік тұр!!! Қуанғаннан мүмкін тым философ болып кеткен шығармын, бәлкім! Бірақ, сол қолындағы жүрек тұсындағы марапаты, оң қолындағы биікке көтерілген микрофоны болмаса келмес те еді... Алланың құдіреті дер ем бұл суретті! Бұл белгі... Қаншама қуағанымен ненің қадірі биік екенін ұмытпауымыз керек дегендей сыр кешеді бұл сурет!", - деп жазды Алпамыс Шаримов.