Желі қолданушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуда

Оны елімізге танымал блогер Данияр Алан Facebook әлеуметтік желісінде жасап шығарған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.    

«Бүгінде осындай атаулы күнді жастарға әлеуметтік желіде насихаттау үшін аватар-безендіруді қолдандым. Оны 16 мамыр күні Фейсбуктегі бағдарламаның көмегімен іске қостым. Дәл қазір аватарды қолданушылар саны 4500 адамды құрап тұр», - деді Данияр Алан.

Айта кетейік, осыдан жиырма жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр ХХ ғасырдың басында талайды зар қақсатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді. Елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраса, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген болатын.