Желіде Алматыда қыздың соққыға жығылған видеосы жарияланды

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жәбірленуші талабымен істі мұрағатқа жіберілген.

Ауылдан келген қыздар осылай секс-құлдыққа тартылады. Алдымен оларды ұрып-соғады, қорқытады, сосын зорлайды, видеоға түсіреді, масқара деп қорқытады. Масқара болудан, тағы да ұрып-соғып, қорлаудан қорқып, қыздар өздерінен талап етілетіннің бәрін жасайды", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті өкілдері жарияланған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомствода бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Алмалы аудандық полиция бөліміне тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Объектив мән-жайлар анықталып жатыр. Қазір іс жүргізу аясында кешенділік, толықтық және объективтілік қағидаттары қатаң сақтала отырып, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы қалалық полиция департаментінің басқарма басшылығының бақылауында", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.