Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгер басылым редакциясына жолдаған. Суреттерден пәтер, подъез қанға боялғаны көруге болады.


Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған. Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.
