TRUE STORY KZ телеграм каналында бетперде киген екі қарақшының Kaspi Bank-тің Алматыдағы филиалдарының біріне шабуыл жасаған видеосы жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бейнебақылау камераларындағы мәліметтерге қарағанда, бұл кеше, Сейфуллин-Гоголь көшесіндегі кеңседе болған», - деп жазды автор.
Банктің өзі хабарлағандай, тонау кезінде филиалда клиенттер болмаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қарақшылар өздерімен бірге шамамен 2 млн. теңге алып кеткен
Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.