Желіде Маңғыстау облысындағы қашқынды қуғандардың видеосы жылдам тарап жатыр

Желіде Маңғыстау облысындағы кен орнында болған қуғынның видеосы жарияланды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

УАЗ жүргізушісі мұнай кәсіпорнының қауіпсіздік қызметінен қашып кетуге тырысыпты. Қызметкерлер қашқынды ВАЗ-2121 қызметтік көлігімен қуған.

Бұл қуғын ұзаққа созылмай, жүргізуші ақыры соңында ұсталды.


Басылым келтірген кей деректерге сүйенсек, УАЗ жүргізушісі дизель отынын заңсыз сатып алған болуы мүмкін.