«Роза Рымбаева жол апатында қайтыс болды», – деп жазды Vk.com қолданушысы Сейітжан Өмірзақ.
Мұндай қайғылы хабарламаны әншінің басқа жанкүйерлері де өз парақшаларында бөлісті.
Ал, халық әртісі Роза Қуанышқызы дін аман. Бірақ, мұндай орынсыз қалжыңды жауапсыз қалдырмаймын деп отыр.
«Демек, мен ұзақ өмір сүремін (күледі). Алайда, мұндай қауесет таратқан адамның есі дұрыс емес және қалжыңдасуды білмейді екен. Енді соттасамыз», – деді Роза Рымбаева.
Дәл қазір әнші Астанада, кейін Атырауға концертке барады. Ал, ертең Алматыда болады.