Nehabar телеграм-каналында Алматы әкімінің кортежіне шабуыл жасаған видео жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz.медиа-порталы.
"Көліктер Әл-Фарабиден Назарбаев даңғылына қарай төмен түскен сәтте жолаушылар оқ астында қалды.
Оқ жаудыру нәтижесінде спорт басқармасының басшысы, дін басқармасының басшысы, қала әкімінің жүргізушісі, "Алматы" телеарнасының операторы жарақат алды.
Оқиға барысында "Алматы" телеарнасының жүргізушісі көз жұмды", - деп жазылды видео астында.