Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, қорқынышты кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Хабарламаларда әйелдер жерасты өткелінде орналасқан дәмханада өлтірілген деп көрсетілген.
Басында полицейлер бұл фотоларды фейк деп мәлімдеді. Бірақ біраз уақыттан кейін фотоға байланысты түсініктеме берді.
"8 наурызда таңғы сағат бес шамасында белгісіз тұлға Абай даңғылындағы "Андеграунд" кафесінде бұзақылық ниетпен екі әйелге зақым келтірген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін жәбірленушілер қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шаралармен 2000 жылы туған ер адам анықталып, ұсталды. Аталған факті СДТБТ-де тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 - бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.