Желіде Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнероликте, болжам бойынша, «Google Maps» онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі.

https://www.tiktok.com/embed/v2/7419718941385248006?lang=ru&referrer=https%3A%2F%2Fkaz.inform.kz%2Fnews%2Fzhelde-ulken-auilinda-aes-kurilisi-bastalgani-turali-zhalgan-akparat-tarap-zhatir-7dfd51%2F

«Оның Атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды. Бейнежазбада көрсетілген нысан 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды», – деп хабарлады әкімдіктен. 

2014 жылы «Балқаш жылу электр орталығы» жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.

«Онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілді», – деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, АЭС-тың салыну не салынбау тағдыры 6 қазанда өтетін референдумнан кейін анық болмақ