Желіге жұбайының суретін жиі салатын жұлдыздар

Әлеуметтік желіге сүйіктілерінің суреттері мен оған деген сезімдерін жазудан жалықпайтын ең таңдаулы бес бикеш кім екен?

Актриса, тележүргізуші Зарина Карменнің жолдасы Азат кәсіпкерлікпен айналысады. Екеуі достары арқылы танысқан.
Зарина Карменнің құрбысы Салтанаттың да күйеуі кәсіпкер. Екеуі Нұржанның әпкесі танымал актриса Дәрия Жүсіп арқылы танысқан.
Атақты продюсер Баян Мақсатқызының махаббаты баршаға мәлім. Тұрсын Алагөзовпен қосылғалы екеуінің суреттерін жиі салып, сезімін желі арқылы жеткізіп отырады.

Жақында ғана ана атанған қобызшы Ақерке Тәжібаева да өзінің жары Есенжол мырзаның суреттерін жиі бөліседі.
Сүйіктісінің суретін жиі салатын жұлдыздың бірі – Динара Қырықбаева. Бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған жас отбасының суреттеріне жылы пікір жазатын тыңдармандары көп.