Полиция ақпаратына сәйкес, есірткі иісшіл иттерді пайдалана өткізілген шұғыл шара кезінде табылды. Құпия қоймадан барлығы 943 килограмм жаңадан орып алынған жабайы қарасора шықты. 53 жастағы Қырғызстан азаматы марихуана түсімін жинау үшін Қазақстанға әдейі келгенін жеткізді.
Сонымен бірге Көліктегі оңтүстік-шығыс желілік ішкі істер департаментінің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу аңғарындағы шұғыл шара барысында жалпы салмағы 1,1 тоннаны құрайтын жаңадан шауып алынған марихуананы тапты. Кейінірек есірткіні өсіруші - 24 жастағы Алматы тұрғыны есірткінің жаңа партиясымен қоса қолға түсті. Одан 200 мг канабис майы алынды.
Қазір екі күдікті де уақытша тергеу қапасында отыр. Бұл деректерге сәйкес, қылмыстық істер қозғалды.