Желтоқсан айынан бастап Астана-Бурабай автобанымен жүру үшін жеңіл көліктерден ақы алынатын болады

деп хабарлады республиканың Көлік және коммуникация министрлігінің Автожолдар комитеті төрағасының орынбасары Нұрланбек Өмірбаев.

"Жылдың соңына дейін қажетті жабдықтарды орнатып, "Астана-Бурабай" жолы үшін ақылы жүйені енгізбекпіз", деді ол Астанада бейсенбіде журналистерге.
Бұл жолмен жиі жүретін жақын маңдағы аймақтардың тұрғындарына белгілі бір преференциялар қолданылады, деді ол.