Свадьба.KZ
Фильмнің режиссеры: Валерий Задарновский
Басты рөлдерде: Тәуекел Мүсілім, Дарья Александрова, Дина Тасболатова және Айым Сейтметова.
Фильм сипаттамасы: Тәуекел Мүсілім қыздардың жүрегін жаулап алған бойдақ жігіттің рөлін сомдайды. Бойдақтық өмір өзіне ұнаса да, ата-анасының қыспақтауымен өзіне қалыңдық іздеуге мәжбүр болады. Бойдақ актер өзіне сай аруды тапқанша, нағыз ер азаматқа сай түрлі сынақтардан өте білуі тиіс.
Құдалар
Нұртас Адамбаевтың кезекті тың туындысы.
Фильм режиссері: Нұртас Адамбаев
Басты рөлдерде: Нұртас Адамбаев, Жан Ізбасаров, Райхан Халиолдина және Дархан Дайырбек
Фильм сипаттамасы: Екі жас бір-бірімен қосылуға байланысты үйленбекші. Ал құдалар бір-бірімен тіл табыса ала ма? Өйткені бірі Алматыдан, екіншісі Шымкенттен ғой. Жас жұбайлардың аналары мүлдем бөлек жандар, сондықтан олардың айрылысуларына тура келеді. Олардың үйленулеріне мүмкіндік бар ма?
Бизнес по казахски в Африке
Көпшіліктің көңілінен шыққан Нұрлан Қоянбаевтың қазақша бизнесі енді Африкада жалғасын табады.
Басты рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев, Рамазан Амантай.
Фильм сипаттамасы: Жомарт пен Айсұлу туыстарымен бірге Африкаға аттанады. Туыстары ойлана келе Жомартқа демалып жүріп ақ, тағы бір бизнесті қолға алуға кеңес береді. Кениялық бизнесмен Кенияда шайдың өте арзан екенін айтады. Африкада жүрген қазақтар сүйіктілерін тастап, Найробиге аттанады. Кениялық бизнесмен оларды алдаған болса ше? Олар сүйіктілеріне аман есен орала ала ма?