"Келесі аптадан бастап химиялық жобалар жөніндегі ҚазақҒЗИ-ның мамандары жобаны дайындауға кіріседі. Ал біз құрылыс алаңы мен жолдарды жөндеуге кірісеміз",- деді Н.Дауылбаев. Оның айтуынша, зауытқа арналған жабдықтар Ресейден сатып алынған, бірақ, олар елімізге әзірге жеткізілген жоқ. Қазір ол жасап шығарылған зауытта тұр. Зауыттың құны 5,5 млн. долларға бағаланған.
Н.Дәулетбаевтың айтуынша, кәсіпорында қоқыстың басым бөлігі өңделеді деп күтілуде. Мәселен, пластмассадан құмыра және леген тәрізді бұйымдар, ал әйнектерді балқытып жергілікті сыра зауытына арнап бөтелкелер өндіру межеленген. Зауыт құрылысы жарты жылда аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті