Желтоқсан айының соңында халықты еңбекпен қамту жайындағы бағдарлама үкіметке енгізіледі

"Бұл бағдарлама хақында біз барлық министрліктермен келісімге келдік, енді ол желтоқсан айының соңында үкіметке енгізіледі",- деді ол.

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды кәсіптік дайындауға 1,5 млрд. теңге бөлінеді. "Алайда оқытылған адамдардың небәрі 25 проценті жұмысқа орналасады немесе жеке кәсіпкерлікке кіріседі",- деді Г.Қарағұсова. "Бұл қаржының тиімсіз пайдаланылатындығының, солар үшін мамандарды арнайы дайындаған жұмыс берушілермен арадағы байланыстың осалдығын айғақтайды ",- деді министр. Осыған байланысты, Г.Қарағұсованың атап көрсетуінше, министрлік "жұмыс берушілермен бірлесе отырып кәсіби мамандар дайындау, кәсіптік техникалық училищелер желісін қайтадан қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаны " жүзеге асыруда.
Арнайы бағдарлама жобасын жасау қажеттігіне түсініктеме берген Г.Қарағұсова "қазіргі еңбек рыногіндегі сұраныс пен ұсынысты өзара салыстыра қарасақ, елімізде жұмыссыздық болуы тиіс емес",- деп атап көрсетті. "Жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы арасындағы кәсіптік сәйкессіздік қана барлық тауқыметке түрткі болып отыр",- деді Г.Қарағұсова.