2007 жылғы желтоқсанайының бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің азаюы ақша базасының 2,9 % (немесе 42,5 млрд. теңгеге) азаюына себепші болды. Ұлттық банктің ағымдағы бағалардағы таза халықаралық резервтері 0,2 % (немесе 30,8 млн. долл.) өсті.
Ұлттық банктің Қаржы министрлігінің сыртқы берешектеріне қызмет ету операциялары, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюы ішкі валюта нарығында валюта сатып алумен және үкіметтің Ұлттық банктегі есепшотына ақша аударылуымен байтараптандарылды.
Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 50,0 млн. долларға азайып, жүргізілген операциялар және алтынның әлемдік нарықтардағы бағасының 0,2 % өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 19,2 млн. долларға ұлғайды.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағалармен 0,2% азайса, ЕАВ-ғы таза активтер 0,3%, алтындағы активтер 0,9% ұлғайды.