Жеміс шырындары денсаулық үшін зиянды - ғалымдар зерттеуі

Ғалымдар шырынды күнделікті тамақтану рационының бөлігі  емес, тәтті тағам деп санайды. Мамандар мұндай сусындарды пайдалы азық деп санауға болмайтынын атап өтті.

Жаңа зерттеудің нәтижелері Соса-Соlа-ның 200 мл. порциясында бес шай қасық қант болса, кейбір жеміс коктейльдерінде қант мөлшері сегіз шай қасыққа дейін болуы мүмкін екенін көрсеткен. Балалар үшін пайдалы сусындар ретінде ұсынылатын коктейльдер мен шырындарда қант құрамы көп сынға алынған Соса-Соlа-ға қарағанда 60 пайызға жоғары.

Сарапшылар осындай сусындардың балалар мен олардың  ата-аналарына «пайдалы» деп сатылатыны сұмдық деп санайды. Жеміс шырыны мен коктейльдер денсаулыққа пайдалы, теңдестірілген диетаның бөлігі болмауы тиіс.

Қазірде ғылыми дәлелдемелерде тәтті сусындарды жиі тұтыну дененің салмағына қарамастан диабеттің  2 түрінің және жүрек-қан тамырлары ауруларының арту қаупімен байланысты екені жиі айтылып жүр. Ал басқа бір зерттеулер қанттың тұз қысымына әсер ететінін көрсетіп отыр.