Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 369 мектеп салу көзделген. Жемқорлық қылмыстары аясында тәркіленіп, қайтарылған қаражат есебінен былтыр 36 білім нысаны бой көтерсе, биыл тағы 25-і қолданысқа берілмек.
"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы және жергілікті бюджеттен өткен жылы 7 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы меже тағы 6 нысан салу болып отыр. Белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт – бұл бизнес-инвестиция. Өткен жылы 56 жекеменшік мектеп іске қосылды", — деді Тамара Дүйсенова.
Мұндай жекеменшік мектептердің саны бүгінде 667-ге жеткен. Онда 250 мыңнан аса бала тәрбиеленіп жатыр.
"Жалпы мектеп салу үшін барлық көздерден бөлінген қаражаттың 2 жылдық сомасы 2,4 трлн теңгені құрап отыр", — деп толықтырды Дүйсенова.
Жаңа нысандардан бөлек, қолданыстағы ғимараттарды жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. Биыл елдегі 270 мектепті күрделі жөндеу қарастырылған.