Бұл шараны былтырдан бері қолға алынған болатын. Содан бері 50-ге жуық жемқор түрмеге отырыпты. Ал қаржы полициясының құлағына қылмыс жайлы «сыбырлаған» 70 азаматқа сыйақы төленген. Құпия мәлімет берушілерге төленетін өтемақыны алу процесі де қиын емес екен. Мәдени «өсек тасушы» 15 күннің ішінде 15-ке жуық құжатын жинап, тиесілі ақшасын алады. Ал жалған ақпарат берген адам да «сыйлықсыз» қалмайды. Керісінше ол мемлекетке 45 мың төңірегінде айыппұл төлеуі тиіс.
Мұрат Жұманбай, ҚР Қаржы полициясының ресми өкілі:
– Өзінің ақпараты үшін сыйақы алуға ниетті адамдар олар жеке өздері келіп, өздерінің бар екенін, берген ақпараты «домалақ» арыз емес, нақты ақпарат екенін растайтын болуы керек. Біз төлейтін адамның реквизитін, банкілік шотын білуіміз керек.