Жемқорлық қылмыстары жиі жасалатын 5 министрлік аталды

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды qazaqstan.tv -ғе сілтеме жасап.

«Құқықтық статистика органдарының мәлімдеуінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері (515), жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (261) бар», - деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте. 

Оның айтуынша, орталық мемлекеттік органдар ішінде алғашқы бестікке Ішкі істер (297), Қаржы (49), Қорғаныс (29), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (20) және Ауыл шаруашылығы (19) министрліктері кіреді. 


«Бұл қылмыстар аталған министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалған», - деді Анар Жарова.