Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бірізділікті анықтау үшін прокуратураға жібердік. Сосын бұл арыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданады", - дейді Таймерденов.
Айта кетейік, шілде айында республика бойынша дәрі-дәрмектің тапшылығы болды. Ал 13 шілде күні өткен брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қоймаларда медициналық препараттардың қажетті қоры бар екенін, сондай-ақ, осы дәрі-дәрмектің қысқа уақыттың ішінде жеткізіліп тұратынын айтқан.
"Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде осы тақырыптан "хайп" жасайтындар бар. Біз дәрі-дәрмекті жеткізу көлемін шектеп жатқан жоқпыз. Барлығына жіберіп тұрамыз", - деді Тұяқбаев.
Шенеуніктің осы сөзінен кейін қоғам белсендісі Светлана Дружинина дәріханаларды аралап, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін препараттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Соның нәтижесіне шенеуніктің сөзін жоққа шығарды. Себебі қажетті дәрілер табылмады. 23 шілде күні Дружинина полицияға арыз жазып, Сапарбек Тұяқовты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартуды талап еткен. Артынан Дружинина әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялап, құқық қорғаушылар оның арызын сотқа дейінгі тергеу шараларының бірыңғай реестріне енгізбей жүргенін мәлімдеді.
Дружинина арызды уақытында тіркеуге алмағаны үшін тергеу басқармасының лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды талап етіп, тергеу сотына шағым түсірді. Сондай-ақ, прокуратура қызметкерлерінің жұмысына баға беруді сұрады. Оның сөзіне қарағанда, судьяның өзі процессуалдық емес байланысқа шығып, мәселенін мән-жайын сұрапты. Одан кейін тергеу басқармасы мен прокуратурамен сөйлескенін айтып, үш күннің ішінде арыз берушіге хабар берілетінін жеткізді.