Женевада Иран бойынша келіссөздер нәтижесіз болды

Сенбіде «алтылық» құрамындағы халықаралық делдалдардың және Иран өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу түнге дейін созылғанымен, алайда бұдан бұрын айтылған «ілгерілеуге» қол жеткізілген жоқ.

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, ирандық ядролық бағдарлама бойынша келесі кездесудің датасы кейін хабарланады. Женевадағы келіссөздер үш күн бойы өтіп, соңғы кезеңде оларға АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қосылды.

Бастапқыда байқаушылар ортақ келісімге келудің белгілері бар екенін айтқанымен, кейіннен АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Джон Керри «алтылық» пен Иран арасында елеулі келіспеушілік бар екенін мойындады.


Атап айтқанда, талқылаулар барысында Иран уранды байытуды ішінара тоқтатқан жағдайда, Батыс тарапы экономикалық санкцияларды бәсеңдететінін алға тартуда.