Бұл сессияда комиссия өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы 30 жаңа стантартты қарайды. Олардың кейбіреуі жаңа ережелерді енгізсе, басқалары бұрынғы стандарттарды қайта қарауға бағытталған.
"Кодекс Алиментариус" комиссиясы азық-түлік стандарттары бойынша жоғарғы халықаралық орган болып табылады, "Кодекс Алиментариус" комиссиясы 1963 жылы құрылған, оған БҰҰ Ауылшаруашылығы және азық-түлік ұйымы (ФАО) мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымына мүше 170 ел біріккен.