Женевада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі жұмыс тобының 10-шы отырысы өтеді

СІМ ақпаратына сәйкес, отырысқа Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова бастаған қазақстандық делегация қатысады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процедурасы 1996 жылы 26 қаңтарда ДСҰ хатшылығына ресми өтініш ұсынылған кезден басталды.

1996 жылы ақпанда Қазақстан ДСҰ бақылаушы ел мәртебесіне ие болды. Сол жылы Қазақстанның ДСҰ кіру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, бүгінгі күні оның құрамына ДСҰ 39 мүше-мемлекеттер кіреді.