Қайғылы оқиға түнде 25 жасар атлет жаттығудан кейін Джексонвилдегі үйіне келе жатқан жолда болған. Доңғалағы жарылған Лоуренс машинасын тоқтатып сыртқа шыққан мезетте қатты жылдамдықпен келе жатқан үлкен жүк көлігі автомобильді де, спортшы да жаншып өте шыққан. Лоуренс алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.
2014 жылы мамырда Нассауда (Багама) болған жеңілатлетикалық эстафетада спортшы АҚШ командасының құрамында алтын иеленген болатын. Ал шілдеде Лоуренс Бельгиядағы турнирде 400 метрлік қашықтықты 45,32 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын орнатты.