Газетте хабарланғандай, Шымкент шина зауытын Астанаға көшіру туралы сыбысты анықтап беру үшін зауыт жұмысшылары редакцияға келген. Тілшілер шина зауытының вице-президенті Александр Авдеевпен байланысқа шыққан. Ол Астанада тек қана жеңіл көліктерге арналған шина өндірісін жолға қою жоспарланып отырғанын, ал Шымкентте жүк көліктері мен ауыл шаруашылығының машиналарына арналған шина өндірісі қалатынын хабарлаған.
Газеттің ақпаратына сүйенсек, Шымкенттің шина зауытының басшылығы ("Incomtyre" АҚ) Финляндияның "Nokian" компаниясымен бірлесе отырып Шымкентте қымбат жеңіл көліктерге арналған "премиум" дәрежесіндегі шиналарды шығару жобасын жасап шығарған. Жоба бекітілуі үшін үкіметке жолданған. Ондағылар өндірісті Астанаға көшіру туралы шешім қабылдаған.
Баспа құралында атап көрсетілгендей, қазіргі уақытта Шымкент шина зауыты тоқтап тұр. Ал жұмысшылары болса айлықсыз демалысқа шығарылған.
Бұдан бұрын "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ЖШС қатысты президент жолдауын талқылаған кезде мұнай өңдеуші мамандар шина зауыты туралы мәселені көтерген. Олардың айтуынша, алғашында кеңестік кезеңде де шина зауыты Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шикізат алып тұрады деп жоспарланған болатын. Алайда бұл технология қайта құру кезеңі келіп жеткенше пысықталмады. Соған қарамастан, қазірдің өзінде мұнай өңдеушілер көршілес шина зауытын шикізатпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Бұл үшін мұнай өңдеу зауытының 1996 жылы тоқтатылған екінші кезегін іске қосу керек деп есептеп отыр мамандар.
"Шина зауыты - тамаша зауыт. Бірақ бүгінгі таңда шикізатсыз отыр. оның шикізатының 53 пайызы біздің өндірісіміздің қалдықтарынан дайындалатын техникалық көміртегі. Ал тағы 24 пайызы синтетикалық каучук. Оны да бізден көмірсутегі газынан алуға болады", - дейді мұнай өңдеу зауытының өкілдерінің бірі.