Жеңіс күнінде қалампырдан шашу шашылды

Жеңіс күні меркесінде Қызылжар қалампырмен көмкерілді. Мұндағы мәңгілік алау маңына 10 мың дана гүл жеткізілген. Бұл қала кәсіпкерлерінің ардагерлерге арнайы алдырған сыйлығы.        

-Барлығы Жеңіс үшін!!!

Сондай-ақ қала көшелерімен түрлі-түсті етіп безендірілген 500-ге жуық көлік жүрді. Темір тұлпар сыртындағы жазуларды олар арнайы тапсырыс беріп жасатыпты. Кейбір жүргізушілер әскери киім киіп, аталарының медальдарын да тағып шыққан. 

-Қарағанды да қаһарман қарияларына қарымы жеткенше құрмет көрсетті. Жеңіс саябағында құрылған жорық шатырларында ардагерлер майдандық жүз грамдарын алысса, жиналған жұрт арнайы дайындалған сарбаздық ботқаның дәмін татысты. Сондай ақ биыл майдан өтінде ән салған күміскөмей әнші Роза Бағланованы еске алуға арналған ән фестивалі ұйымдастырылды. Ал жылына бір рет болса да арқа жарқа болатын ардагерлердің айтатыны шүкіршілік. Тілейтіндері – тек қана тышынтық.


 Мағзым Ағыбаев, ҰОС ардагері:  

-Қиыншылықтың барлығы да болды біздің басымызда. Мен ол кезде 20 жастағы ғана адам едім. Совет халқының үлкен кішісі демей жас кәрісі демей үлкен еңбегінің арқасында біз жеңіске жеттік.

Қарағандыдағыдай биыл Орал қаласында да бес қаруы сайланып дайын тұрса да, әскери шеру өткен жоқ. Есесіне тұрғындардың өзі сап түзеп мерекенің шырайын кіргізді. Жалпы осыған ұқсас салтанатты шаралар еліміздің барлық түкпірінде өтті.