Соның бірі - Украина, Румыния және Венгрия елдерін жаудан азат етуге қатысқан ардагер Елдес Әміренұлы Қоңыров. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай "ҚазАқпарат" ХАА-ның тілшісі қарт жауынгермен кездесіп, сұхбаттасқан болатын. Соны оқырмандарға ұсынып отырмыз.
"1943 жылы ардагер әскер қатарына шақырылып, Фрунзе қаласындағы әскери училищеге оқуға жіберілдім. Онда денсантшы ретінде жедел түрде білім алып, тәжірибе жинақтадым. Сол жылдың тамызында біздің полк Украинаның Киев, Днепропетровск сияқты қалалары мен селоларын жаудан азат ету үшін қиын-кескі ұрыс жүргізіліп жатқан Днепр өзенінің оң жағасына түсірілді. Сол жерде алғаш рет жаумен бетпе-бет шайқастық. Осы жерде жаудың тегеурініне қарсы тұрып қана қоймай, бас көтертпейтіндей соққы бердік. Осының арқасында кеңес әскерлері жауға қарсы шабуылын үдетіп, неміс әскерлерінің кейін шегінуіне тура келді", - дейді ардагер.
Ержүрек Елдес Қоңыров қаруластарымен бірге фин әскерлерінің бақылауында болған Свир өзені бойын және неміс басқыншыларынан Беларусьтің Орша қаласын азат етуге қатысқан екен. Сондай-ақ, ақпан айының соңында жаяу Румыния және Венгрияға дейін барып, осы елдердің астаналарында бекініп алған неміс әскерлерімен де соғысқан.
"1945 жылдың сәуір айында ардагер ауыр жарақаттанып, үш ай бойы госпитальда емделдім. Тек 1949 жылы ғана әскерден оралдым", - дейді Елдес Қоңыров.
Қарт жауынгердің кеудесіндегі "Ерлік үшін", "Карелияны азат еткені үшін" және "Венаны алғаны үшін" тәрізді медальдар - оның Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесінің айқын дәлелі.
Ардагер Елдес Қоңыров майданда ғана емес, бейіт өмірде де елдің дамуына өз үлесін қосты. Семей қаласындағы қаржы училищесін тәмамдап, осы салада мамандығы бойынша 30 жыл еңбек етті. Жолдасы екеуі алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. Балалары өмірде өз жолдарын тапқан. Балалары әкелерінің ерлігін мақтан тұтады. Өз кезегінде қария жасына қарамастан кейінгі жас ұрпақпен жиі кездесіп, Отанды көздің қарашығындай сақтап, сүю, патриот бола білу керектігі жайлы өзінің ақыл-кеңестерін айтып келеді.