Жеңістің 70 жылдығына қарай Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлері туралы сайт ашылады


«Біз бірегей мұрағаттық құжаттар, қызықты тыл оқиғалары, батырлардың өздері атынан твиттер, төсбелгі, фотосуреттер, әскери оқиғалар туралы бейнематериалдар жарияланатын ресурс құру туралы шешім қабылдады», - деп партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бүгін Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу мәселесі бойынша селекторлық кеңесте атап көрсетті.
Оның сөздері «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада келтірілген.
Kaharman.kz  сайтында «Соғыс әуендері» атты айдарда соғыс кезіндегі әндер, музыка және радиохабарлар орналасады. Сонымен қатар, сайт барлық қазақстандық соғыс ардагерлері, соғыс батырлары, із-түзсіз жоғалған және тұтқыннан оралмағандар жөніндегі деректер қорымен толығады.
Мұнымен қоса, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстанда 7 мамырда атап өтілетін Отанды қорғаушылар күніне орай «Кеңес одағының қазақстандық батырлары» атты энциклопедия қайта басып шығарылады. Соңғы басылым 1968-1969 жылдары болған.