Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында Қарағанды көш бастады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үш күнге жалғасқан бәсеке Олимпиадаға даярлау орталығында өтті.

Чемпионат қорытындысы бойынша 33 844 ұпай жинаған Қарағанды облысы топ жарды. 

Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы  (29 972), үшінші  орында Алматы қаласы (19 478) орналасқан.