Жеңіс шеруі Қазақстанда бір қалада ғана өтеді

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі 7 және 9 мамырда шеру болмайтынын хабарлады. Елдегі соңғы шеру 2018 жылы өткен еді.

Дегенмен биыл Байқоңыр қаласында шеру ұйымдастырылады. Бұл қала әкімдігінің сайтында айтылған.

Жеңіс шеруі 9 мамыр күні таңертең Ленин алаңында өтеді. Сол күні Жеңістің 75 жылдығына арналған монументке митингі мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Байқоңыр – Қазақстан қаласы, бірақ Ресей жалға алған.