"Бұл әлемдік тәжірибеге де, Қазақстандағы құқық жүйесіне де, баршасы заңның алдында бірдей деген конституциялық принципке де сай келмейді. Оған жол беруге болмайды және ондай жағдай түзетілуге тиіс", - деді Д. Ерғожин.
"Біз заңда белгіленген қатаң шешімдерді, соның ішінде сот шешімдерін де қабылдаудан қорқуды доғаруға тиіспіз ", - деді вице-министр. "Онымен шектелмей, құқықтық негіз бен сенімді құқықтық көмек болған жағдайда мемлекет тарапынан заңнама талаптарын орындамағандармен арадағы келісім-шартты бұзуға дейін сот және арбитраждық процесстерге бастама көтере алады", - деп атап өткен ол "бірақ сонымен бірге өз іс-әрекеттеріміздің саяси және халықаралық қырларын да ескеру қажет",- деді.
Д. Ерғожиннің пікірінше, заңды салықты төлемейтін, шартты бұзатын және іс жүзінде арсыз инвестор болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды бұрын берілген жеңілдіктер, кепілдіктер мен преференциялардан айыру қарастырылатын әлемдік тәжірибеге назар аудару қажет.