Қостанайда тұтылу 40 пайыздан асып, 2 сағатан аса уақытқа созылды. Күндізгі 4 -тер шамасында басталған бұл құбылыстан бір сағат өткенде күннің жартысына жуығы жабылғаны байқалды. Жергілікті оқу орнының физика факултетінің студенттері қараңғы көзәйнектер және телескоптың көмегімен құбылысты қызықтады. Қарағандыда да құбылысқа қызығушылық танытқан әсіресе студенттер жағы болды. Олар дәнекерлегенде киетін арнайы көзайнектер мен қарапайым дискілердің көмегімен күн көзіне үңіліп әлек болды. Мұнда тұтылу 30 пайызға жетті. Соңғы рет күннің тұтылуы былтыр қараша айында байқалған. Ал оның толық жабылуы елімізде осыдан 16 жыл бұрын тіркелген екен.
Loading...