Жер телімін тәркілеп алу туралы заңсыз бұйрық шығарған Сарыағаш ауданының бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды



С.Өтембаевтың хабарлауынша, қаланың бұрынғы әкімі христиан шіркеуін салу көзделген жер телімін заңсыз жолмен тартып алған. 20 соттық бұл жерді осыдан үш жыл бұрын бір діндар жергілікті православиелік қауымға тарту етіп, дін қызметшісінің атына рәсімдеген. Қала әкімі жер телімінде құрылысты бастауға ұзақ уақыт бойы рұқсат бермей келген. Ол қала салу жоспарына сәйкес бұл жерде сауда жаймалары болады дегенді желеу етеді. Осыдан кейін әкім жер телімін мемлекеттік қажеттілікке тәрткілеп алу туралы заңсыз қаулы шығарады. Біраз уақыт өткеннен кейін жер телімі әкімнің туысының иелігіне өтіп, ол жерде жай үй тұрғызылған.