Жер заңнамасын бұзулардың шамамен тең жартысы жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға байланысты

"Барлық меншік түрлеріндегі шаруашылық субьектілері жол берген 2007 жылғы заң бұзушылықтарды талдау нәтижесі көрсеткендей, осындай заң бұзушылықтардың 46% жерді мемлекеттік меншіктену құқығын бұзуға немесе жерді заңсыз басып алуға байланысты. 20%-дан астамы - жерді тиімсіз пайдалануға немесе ауылшаруашылық мақсаттағы жерді пайдаланбауға, 17% - жер телімдерін мақсаттан тыс пайдалануға байланысты", - деп мәлімдеді Ө. Өзбеков.

Оның айтуынша, 2007 жылы елде жер заңнамасын ұстануға қатысты 8,2 мың тексеру жүргізілген, соның ішінде 3,4 мың заң бұзушылық оқиғалары анықталды. Тексерулер қорытындысы бойынша 879 азамат, 751 заңды тұлға, 1403 лауазым иесі мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Көп жағдайда жергілікті атқарушы билік органдары тарапынан заң бұзылады. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер телімін беру жөніндегі өтінішті қарау мерзімін ұстанбауға, жеке баспана тұрғызуға жер телімін беру кезегін бұзуға байланысты",- деді ол.