Жерар Депардье француз азаматтығынан бас тартты

Бұл туралы ол елдің премьер-министрі Жан-Марка Эйроға жолдаған хатында мәлім етті, деп жазды бүгін "Журналь дю диманш" газеті.

Осы аптаның басында Депардьенің Франциядан Бельгияға қоныс аударғаны белгілі болды. Ол Эстемпюи (Эно провинциясы) коммунесінде француз-бельгия шекарасында орналасқан Нешан қаласына қоныс аударған.