"Жерде жатыр едім, шал үстіме жатып алды": 70 жастағы қария 9 жастағы өгей немересін зорлады ма?

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Перизат Шағанаева қызымды зорламақ болған адам жазасыз жүр деп, халық алдында болған жайтты толықтай баяндап берді. Қарияның қол жүгірткенін анасына қызы айтып берген көрінеді. 

- Шал үйде. Біз баняға бара жатқанбыз. Қызым маған: "Мама, бүгін жерде жатыр едім, шал үстіме жатып алды. Кеудеме жатып алды", деп айтты. Шошып кетіп қызыма, "ойбай, сосын сен не істедің, деп едім, "құтқарыңдар деп айқайладым. Сосын шал кетіп қалды", деп айтты. Қайта Тәуба деймін, шал арам ойын іске асырмағанына. Шалдың түріне қарасаң өлейін деп жүрген шал. Бірақ, істеп жүрген ісін қараңыз, оңбаған, дейді Перизат. 

Перизаттың көңіліндегі күдікті көршісі растаған. Анықтау үшін, мектептен қызын алдыртып, мән-жайды қызынан сұраған. Қыз: "ернімнен сүйді", Көкірегімнен сүйді деген. 

Қайын атасын қызының айтуы бойынша кінәлаған Перизат Шағанаева істің болып жатқанына бір айдан асқанын айтты. 

- Қайын атам бомж болып кеткен еді. Тырнағы, шашы өскен, далада тұрған. Бұны басқа балдары қабылдамайды. Мен кіргізбеймін деген едім. Күйеуім қоймаған соң, келістім. Маған алғысы осы болды. Қызыма қиянат жасады, дейді. 


Перизаттың бұл екінші некесі. Нұрланмен отандасқанына бес жыл болған. 

Дегенмен 70 жастағы қария Құдайберген Абықанов шындық детекторына отырып, ақиқатын анықтады. Қызды қорламақ түгілі, қолының ұшы да тимеген болып шықты. Оған тағылған барлық кінә дәлелденген жоқ.  

Баласы Нұрлан әу бастан әкесінің адалдығына сенген болатын. Қарияны осынша әуреге салғаны үшін кешірім де сұрады. 

Психиатор Санжар Тұрсынметов бағдарлама басталып жатқан уақытта Перизатқа эгоист екенін айтты. 

Қоғам белсендісі Ақмарал Басирова қарияны қарттар үйіне өткізуді ұсынды: 

- Ол жақта бұл кісінің барлық жағдайы жасалады. Тамағын береді. Жатын орны бәрі бар. Ауырса дәрігерлер қарайды. Бұлай еш жерге сыймай жүргенше, дұрысы сол жаққа барғаны дұрыс. Менде барлық контактілері бар, деді жаны ашып. 

Бірақ, Нұрлан әкесін қарттар үйіне өткізбей, өзі қарап бағатынын айтты. Ал әйелімен ажырасу туралы ұйғарымға да бағдарлама барысында келген.  

Барлық психологтар ана мен қызға психологиялық көмек беретіндерін айтып, асығыс шешім қабылдамауларын өтінді.