Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Құттықтау 5 мамырда болған еді. Кейбір хейтерлер неге соңғы 2 күн қатты шулап кетті? Сайлау жақындап келе жатқаны ғой деп топшыладым. Міне, көк папкаға қатысты сұрақтардың бәріне жауап бердім деп ойлаймын. Мені жерден алып, жерге салып жатқандарға қайталап жазайын, бұл менің жеке құттықтауым. Парламенттің ресми құттықтауы ЕМЕС! Басшылардың қойып берген мөрі де, қолы да жоқ. Әрі ол мемлекеттік шара немесе Парламенттің отырысында жасалмады. Отбасылық достармен өткен жиында жұмыс уақыты біткен уақытта құттықтадым!
Қысқасы, түймедей нәрсені түйедей етпей, барымызды бағалай білейік! Ps: видео үшін смарт көзілдірігіне рақмет", - деп жазды ол.