Жерді ғарыштық зондтауға «ҚазҒарыш» жыл сайын 2,5 миллиард теңге сұрап отыр


Агенттік басшысының айтуынша, бүгінгі күні салалық міндеттерді шешу барысында Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін пайдалануға мемлекеттік органдар тарапы жоғары қызығушылық танытып келеді. «Алайда, олар мұны тегін негізде жүзеге асыруды ұсынады. Ал «ҚазҒарыш» Жерді зондтау мәліметтерінің тегін берілуін қамтамасыз етуі үшін ұлттық операторды пайдалану шығындарын ұстап тұруды бюджеттен тиісті қаражат бөлінгенде ғана жүзеге асыра алады. Атап айтқанда, Жерді зондтау мәліметтері үшін ғарыштық жүйеге шамамен жылына 2,5 миллиард теңге қажет. Бұл тек қана жүйенің жұмысқа қабілеттілігін ұстап тұруға кететін шығын», - деді Т.Мұсабаев.