«Жерді сауықтырған адамға» арналған кітап басылып шықты

1972 жылы ол «Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірдің далалық аудандарындағы топырақты жел эрозиясынан қорғау жөніндегі шаралар жүйесі» үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты болған. Кітап Павлодардың «ЭКО» баспасынан шықты.

Ғалым айналысқан проблема тыңайған жерлерді қорғау бағытында зор маңызға ие болды. Өткен ғасырдың 50-інші жылдары жел эрозиясының зардаптар орасан болды. Тек Павлодар облысында шамамен екі миллион гектардай жыртылатын жерлер зардап шекті.