Жерді заңсыз сатқан шенеунік шартты түрде сотталды

Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Екібастұз қалалық соты жер телімдерін заңсыз үлестірді деген дерек бойынша жер қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Ол 35-тен аса азаматқа (көбі Моңғолиядан келген қазақтар) жер телімдерін заңсыз сатып, оларға 6 млн теңгеден астам шығын келтірген. Сотталушы сотқа дейінгі тергеу кезінде өз кінәсін мойындау туралы келісімге келді. Сот Б. есімді азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылғы редакцияда) 314-бабы 1-бөлігі, 177-бабы 3-бөлігі  «г» тармағы бойынша кінәлі деп тауып, ҚК 63-бабын қолдана отырып, 3,5 жылға шартты түрде соттады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.