Жердің Солтүстік жарты шарында өткен ай бұрын-соңды болмаған ыстықтығымен ерекшеленді


Метеоқызметтен хабарлағандай, шығыс және батыс жарты шарларында оң аномалия (2-4 градустан астам) байқалған. 

Атап айтсақ, Ресейде - Сібірдің солтүстігінде, Якутияда, Забайкалье мен Таяу шығыстың оңтүстігінде; Қазақстанда, Орта Азия республикаларында, Иран мен Иракта; Францияның оңтүстігінде және Италияның солтүстігінде; Қытайдың батысы мен Малайзияда; Канаданың оңтүстік шығысында және АҚШ-тың оңтүстік батысында, сонымен бірге Мексиканың солтүстігінде ауа райындағы ауытқушылықтар орын алған.